Accessibility links

Ресейдің отқа оранған аймағына 238 мың өрт сөндіруші тартылды


Ресей қорғаныс министрлігі елдің орталық аймағындағы орманда шыққан өрттерді сөндіруге 2 мыңнан аса күш жұмылдырылғанын хабарлады. Олар өрт сөндірушілерге көмектесетін болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі алапат өртпен күреске 226 ұшақ пен 238 мың адам тартылғанын айтты. Хабарларға қарағанда, сенбі күні 400 жердегі өрт басылмай, 120 мың гектар жерге тараған. Жұма күні 387 өрт ошағы өшіріліп, өртенген үйлер астынан 30 мәйіт шығарылды.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Сочиге сапары барысында телеарна арқылы сөйлеп, алапат өртті табиғат апаты деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG