Accessibility links

Бразилия өлім жазасына кесілген ирандық әйелге баспана ұсынды


Бразилия президенті Иранда еріне опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесілген әйелге өз елінен саяси баспана ұсынды.

Сенбі күні президент Луиз Инасио Лула да Силва Иран президенті Махмуд Ахмадинежадқа қайрылып, ирандық әйелге саяси баспана ұсынуға жол беруді сұрады. Ол егер ирандық әйел Ислам республикасында проблема тудырып отырса, оны Бразилия қабылдауға дайын деген.

Бразилия президентінің бұл ұсынысы көптеген адам құқын қорғаушы ұйымдар мен халықаралық қауымдастық елдері Ираннан бұл әйелдің сот үкімін орындамауға шақырып отырған тұста айтылып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG