Accessibility links

Ирақтағы адам шығыны шілде айында көп болды


Ирақта шілде айы 2008 жылдың мамырынан бергі адам шығыны ең көп болған ай болды. Бұл көрсеткіштерді сенбі күні ел үкіметі таратып, соңғы бір айда қаза тапқан адамдардың саны 535-ке жеткенін айтты.

Құрбан болғандардың көбісі ейбіт тұрғындар, бірақ полиция мен әскерлер шығыны да көп. Бұл есепте сондай-ақ шілде айында 100 бүлікші өлтіріліп, 955-і қолға түскені айтылған.
XS
SM
MD
LG