Accessibility links

Колумбия Венесуэлаға шабуылдау жоспары жоқ екенін айтты


Колумбия билігі көрші Венесуэлаға шабуылдамақшы деген айыптауларды жоққа шығарды.

Колумбия президенті Алваро Урибенің мәлімдемесінде, Венесуэла президенті Уго Чавес Колумбия шабуылдамақшы деу арқылы “саяси алдарқату” жасап отыр деп айтылған.

Жұма күні Чавес Колумбиямен шекарасына әскери күштер жолдағанын айтты. Колумбия өз жікшілдерін Венесуэла жасырып отыр деген мәлімдемесінен кейін, Венесуэла президенті көрші елден шабуыл болуы мүмкін деп айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG