Accessibility links

АҚШ әскері Ауғанстанда келесі жылға қалады


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс, 2011 жылы Ауғанстаннан Америка әскері толығымен шығарылып бітпейтінін мәлім етті.

Оның айтуынша, Вашингтон Ауғанстаннан «шектеулі» әскер санын шығаруды қарастыруда. Дегенмен, министрдің айтуынша, контингентті қысқартудың қарқыны мен ауқымы халықаралық күштердің содырларға қарсы операцияларының табыстылығына байланысты шешіледі.

Коалицияға қатысушы Нидерланды тарапы жексенбі күні Ауғанстаннан өз әскерін бірінші болып шығарды. Құрамында 2 мыңдай әскері болған голландиялық контингент Ауғанстандағы операциялар барысында 24 жауынгерінен айрылды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG