Accessibility links

Ауғанстан қорғаныс министрі құпияның ашылғаны дұрыс дейді


Ауғанстан қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак WikiLeaks сайтында жарияланған 92 мыңнан астам құпия құжаттар тосын жаңалық болмады деп мәлімдеді.

Малайзияға сапары барысында Вардак «Талибан» қозғалысының қолдаушылары туралы бұған дейін де білгендігін айтты. Бұған қоса ол бұл ақпараттың енді барлығына жария болғаны жақсы болды деп атап көрсетті.

WikiLeaks сайтында АҚШ-тың Ауғанстандағы соғыс туралы құпия құжаттар жарияланған еді. Ауғанстан президенті Хамид Карзай олардың жариялануын сынға алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG