Accessibility links

Қырғызстанда ұлттық комиссия тергеу жұмыстарын бастады


Қырғызстанда маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардың себептерін анықтау үшін құрылған комиссия оңтүстік облыстарда тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметі хабарлады.

Комиссия бүгін қақтығыстар кезінде қатты зардап шеккен Мады, Шарк, Кызыл-Кыштак ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар комиссия мүшелеріне жанжалға қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Қырғыз президенті Роза Отунбаеваның қаулысымен құрылған комиссия құрамына түрлі ұлттардың белгілі қоғам қайраткерлері кірді. Комиссияға академик Абдыганы Эркебаев төрағалық етеді.
XS
SM
MD
LG