Accessibility links

Ұлыбритания елшісі Пәкістан сыртқы істер министрлігіне шақыртылды


Ұлыбританияның Исламабадтағы елшісі бүгін Пәкістан сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

Ұлыбритания сыртқы істер мекемесінің хабарлауынша, Пәкістан билігі Лондоннан британ премьер-министрі Дэвид Кэмеронның мәлімдемесіне түсініктеме беруін талап етіп отыр. Кэмерон өткен аптада Үндістанға сапары барысында Исламабад тарапынан «терроризмді экспорттауға» жол берілмеуі керек деп мәлімдеген болатын.

Пәкістанда бірқатар адамдар ел президенті Асиф Али Зардаридің сейсенбі күні Лондонға сапарынан бас тартуын талап етіп отыр. Бұған дейін пәкістандық барлау қызметкерлері Ұлыбританияға сапарынан бас тартқан еді.

Кэмеронның мәлімдемесі АҚШ-тың құпия құжаттары интернетте жарияланып кетуіне байланысты айтылған еді. Құжаттардың бірінде Пәкістанның арнайы қызметі мен ауған бүлікшілері арасындағы байланыс туралы баяндалған.
XS
SM
MD
LG