Accessibility links

Иордания билігі зымыранмен шабуылдады деп мәлімдеді


Иордания қауіпсіздік күштері бүгін Акаба порты «Град» зымыранмен атқыланды деп хабарлады. Шабуыл барысында бір адам қаза тапты, төрт адам жараланды.

Иордания полициясы зымыран Синай шөлінің египеттік бөлігінен атылды деп есептейді.

Израиль билігінің хабарлауынша, египеттік Эйлат портына бес зымыран құлады. Әзірге шабуыл зардаптары туралы мәлімет жоқ. Эйлат қаласы Акаба портынан 10 шақырым жерде орналасқан. Тель-Авив бұл зымырандар да египеттік Синайдан ұшырылды деп хабарлады.

Египет полициясы зымырандар осы аймақта атылды дегенді жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG