Accessibility links

Ауған президентінің көмекшісі жарылыста жараланды


Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың аға көмекшісі бомба жарылысынан қатты зардап шекті. Вахидула Сабавун елдің Нангархар провинциясының астанасы – Жалалабадқа жеке сапарымен барған еді.

Жол бойында ұйымдастырылған жарылыстан тағы бір тайпа ақсақалы жараланды деп хабарланды. Президенттің аға көмекшісі қазір ауруханада жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Жарылысты ешкім өз жауапкершілігіне алған жоқ.
XS
SM
MD
LG