Accessibility links

Мексика шығанағына 5 миллион баррель мұнай төгілді


ВР компаниясының ұңғымасында болған апат салдарынан Мексика шығанағына 5 миллион баррельге жуық мұнай төгілген.

Бұл туралы мәлімдеген АҚШ үкіметі, апат салдарын жою жұмыстары барысында тек 800 мың баррель мұнайды жинап алу мүмкін болғандығын хабарлап отыр.

Осылайша, мұнайдың бұл төгілуі тарихта ең ірі апат болып отыр. Бұдан бұрын осыған ұқсас апат дәл осы Мексика шығанағында 1979 жылы болған. Ол кезде теңізге 3 миллион 300 мың баррель мұнай төгілген.
XS
SM
MD
LG