Accessibility links

Красноярскіде ұшақ апатқа ұшырады, қаза болғандар бар


Красноярск өлкесінде Ан-24 ұшағы апатқа ұшырап, 11 адам қаза болды. Ақпараттарға қарағанда үш экипаж мүшесі және бір жолаушы аман қалған.

Ұшақ бортында 15 адам, олардың ішінде бір нәресте және төрт экипаж мүшесі болған.

Сейсенбіге қараған түні "Катэкавиа" компаниясының Красноярск - Игарка бағытында қатынайтын ұшағы қону алаңына 700 метр жетпей құлаған.

Алдын ала болжамдар бойынша, апатқа тұман себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG