Accessibility links

Бүгін Пан Ги Мун Жапонияға барады


Бүгін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Хиросима мен Нагасакиде болған ядролық жарылыстарды еске алу шарасына қатысу үшін Жапонияға барады.

Пан Ги Мун - Хиросимадағы Бейбітшілік саябағы мен Нагасакиге барған БҰҰ-ның алғашқы басшысы.

Бас хатшы Жапон басшылығымен кездесу барысында ядролық қарусыздандыру мәселесін талқылайды.

1945 жылы екінші дүние жүзілік соғыстың аяғында АҚШ Хиросимаға, ал үш күнен кейін Нагасакиге ядролық бомба тастады. Жарылыстан 200 мыңнан аса адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG