Accessibility links

Пәкістанда су тасқынынан миллиондаған тұрғын зардап шекті


БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясы жұмысшыларының хабарлауынша, Пәкістанда ел тарихындағы ең сұрапыл су тасқынынан 3 миллионнан астам адам зардап шекті, 1 400 адам қаза тапты.

Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұйымдары зардап шеккен аймақтарға көмектесіп жатыр. Бірқатар мәліметтер бойынша, бүлікшілермен байланысы бар ислам қайырымдылық ұйымдары да көмек бөлді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістанға 9 миллион долларға жуық қаржы бөлуге уәде берді. АҚШ Пәкістанға 10 миллион, Ұлыбритания 8 миллион доллар бөлді.
XS
SM
MD
LG