Accessibility links

Мұнай сыртқа төгілген сайын BP шығыны арта түсті


Британдық BP компаниясының Мексика шығанағындағы Макондо мұнай ұңғымасында 87 күннің ішінде сыртқа 4,1 миллион баррель мұнай ақты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі сарапшылардың соңғы мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Сыртқа төгілген мұнай көлеміне қарай, британдық мұнай компаниясына қатысты айыппұл көлемі 4,5 миллиард доллардан 17,6 миллиард долларға дейінгі аралықта болуы мүмкін.

BP бүгін ұңғымадағы ақауды бітеу сынағын аяқтауды жоспарлап отыр. Компания болашақта бұл ұңғыманы цементтеп тастауға болады деп есептейді.

Мексика шығанағында орналасқан ұңғыма платформасында сәуірдің 20-сы күнгі жарылыстан 11 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG