Accessibility links

Владимир Воронин енді Молдова президенті болмайды


Молдова конституциялық соты коммунистер партиясының басшысы Владимир Воронин ел президенті қызметіне қайта сайлауға түсе алмайды деген шешім шығарды. Соттың бұндай шешімі парламент депутаттарының сұрауына орай шығарылып отыр.

Молдова Конституциясында қатарынан екі мәрте президент болған адам бұл қызметте одан артық отырмайды деп жазылған.

Сот түпкілікті шешім шығарды, оған шағым қабылданбайды. Владимир Воронин 2001-2009 жылдар аралығында президент қызметін атқарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG