Accessibility links

Альберто Контадор «Астана» клубынан неге кетті?


"Тур де Франс" жеңімпазы Альберто Контадор. Париж, 25 шілде 2010 жыл.

"Тур де Франс" жеңімпазы Альберто Контадор. Париж, 25 шілде 2010 жыл.

Велоспортшы Альберто Контадор келесі жылы жарысқа даниялық «Saxo Bank» жейдесін киіп шығатын болады.

Клуб басшылығы испан спортшысымен келісім шартқа отырғандығын хабарлады. Бірақ келісім құны айтылмады.

Сонымен Контадор «Астана» командасын тастап кетті. Әлемдегі ең атақты велоспортшы қазақ клубынан неге кетіп бара жатқандығын ашып айтпады. Контадордың «Астанадан» кететіндігі өткен аптада ғана белгілі болған-ды.

Азаттық радиосының бір оқырманы Контадордың басқа клубқа ауысу себебі туралы пікір айтқан екен. «Қазақ» деген атпен кірген бұл оқырман «Контадордың не себепті Астана клубынан кетіп жатқанын менен артық ешкім білмейді» дей келе, оның кетуіне астаналық шенеуніктердің сорақы әрекеті себеп болған дейді.

«Тур де Франс» жарысы басталардан бір ай бұрын, президенттің жақын адамдарының бірі: «Егер де осы жарысты ұтатын болсаң, саған клубтың есебінен ғана емес, өзіміздің қалтамыздан да жақсы сыйлық жасаймыз» деген болатын. Контодор ұтты. Сол сәтте оған Астанадағы бір шенеунік телефон шалып, «ақыры ұттың ғой, «осы жеңісімді президент Назарбаевқа арнаймын» деші» деп өтінеді. Ондайды көрмеген Контодор «жоқ» деп қыска ғана жауап береді. Кейінен әлгі сыйлық береміз дегендер «сөзіңді біздің басшыга қимадың ғой» деп, бастапқы уәдесінен бас тартқан. Енді Контадор оларға ренжіп, біздің Астанадан кетіп бара жатыр» деп жазды «Қазақ».

Осында айтылған жайттардың қаншалықты өтірік-расын білмеймін. «Бірақ сондай бір шикілік бар ма…» деген ойда қалып отырмын...

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG