Accessibility links

Пәкістан президенті Ұлыбританияға барды


Пәкістан президенті Асиф Али Зардари бескүндік сапармен Ұлыбританияға барды.

Ақпараттарға қарағанда, ол британдық ресмилермен кездесіп, терроризм мәселесі және Пәкістандағы су тасқыны туралы әңгімеспек.

Одан өзге Зардари Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен де келіссөз жүргізеді. Бұған дейін Кэмерон, Исламабад терроризм экспортымен белсенді күресуі қажет екендігін мәлімдеген еді. Пәкістан билігі бұл мәлімдемеге қатысты наразылығын да білдірген.

Апта басында Францияда болған Зардари жергілікті Le Monde басылымына берген сұхбатында, әлемдік қауымдастық ауғандық Тәлібанмен арадағы соғыста жеңіліс тапқандығын айтты. АҚШ бұл айтылғанмен келіспей отыр.



XS
SM
MD
LG