Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Косово жағдайын талқылады


Косовоның сыртқы істер министрі Скендер Хисени, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен Косовоның 2008 жылы тәуелсіздік алғаны көрсетілген резолюция қабылдауды сұрап отыр. Хисенидің сөзінше, бұл резолюция Сербия территориясының біртұтастығы туралы жазылған 1999 жылдың №1244 резолюциясын ауыстыруы тиіс.

Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық соты, Косовоның тәуелсіздік алуы біржақты жүзеге асырылғандығы халықаралық құқықтарға қайшы келмейді деген шешім шығарған.

Косовоның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартып отырған Сербия, Қауіпсіздік кеңесіне өз резолюциясын ұсынып отыр. Бұл істе Сербияға Ресей қолдау білдіруде.
XS
SM
MD
LG