Accessibility links

Жер бетіндегі тұрғындардың 40 пайызына безгек қаупі төніп тұр


Жер бетінде 3 милллиардтай адамның безгек індетін жұқтыру қаупімен өмір сүріп жатқанын көрсетіп отыр.Бұл туралы арнайы жүргізілген зерттеулер қортындысында хабарланды.

Жер халқының 40 пайызына төніп отырған бұл қауіп безгек ауруын жұқтыратын масаны әрі қарай зерттеу керек екенін көрсетеді, дейді ғалымдар.

Деректер, әсіресе, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның тұрғындарының індетті жұқтыру тәуекелдері көбірек екендігін көрсетіп отыр.

Африкада жергілікті тұрғындардың генетикалық ерекшеліктерінің арқасында безгекті жұқтыру қаупі төмендеу. Дегенмен, ол елге сырттан келушілер үшін қауіп жоғары.

2008 жылы әлем бойынша 250 миллион адам безгекке шалдықты. Індеттен бір миллиондай қайтыс болғандардың басым көпшілігін балалар құрайды
XS
SM
MD
LG