Accessibility links

ВР мамандары кезекті операцияға кірісті


«Бритиш Петролеум» мамандары Мексика шығанағында төгіліп жатқан мұнайды бітеу операциясын бастады.

Бірінші кезекте инженерлер құбырға арнайы бұрғылау сұйықтығын құяды. Осыдан кейін бірнеше мың метр тереңдікте жатқан ұңғыманы цементпен қатырып тастау жоспарланып отыр. Бүкіл жұмыс 60 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Осыдан 4 ай бұрын ВР компаниясының бұрғылау платформасында болған жарылыстан 11 адам қаза тапты. Ал теңіз бетіне төгілген 5 миллион баррельге жуық мұнай құрама штаттарының Луизиана, Алабама, Флорида және Миссисипи штаттарына орасан зор шығын келтірді.
XS
SM
MD
LG