Accessibility links

Ресейде орман өртінен қаза тапқандар саны 48-ге жетті


Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Москва, Нижегородск, Воронеж, Рязань және Иванов облыстарында өртенген үйлерді ашу барысында тағы сегіз адамның денесі табылды. Осылайша аймақта орман алқаптарының өртенуінен қаза тапқандар саны 48-ге жетті.

Ресей мемлекеттік прокуратурасы табиғат апатының орасан зор шығын әкелуіне жол берген шенеуніктерді қылмыстық жауапқа тартып жатыр.

Бірқатар аймақтарда ормандар әлі өртеніп жатыр.
XS
SM
MD
LG