Accessibility links

Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы Қырғызстанға кеңесшілер жібереді


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қырғызстанға кеңесшілер тобын жібереді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі ұйымдағы дерек көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл топ Қырғызстан оңтүстігінде жергілікті заң мекемелерінің аймақта тәртіп орнату жұмыстарына көмектеседі. Оның құрамына ұйымға мүше елдер полицияларының өкілдері кіреді.

Бұған дейін ЕҚЫҰ өзінің 52 полиция қызметкерін Қырғызстан оңтүстігіне жіберу туралы шешім қабылдаған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG