Accessibility links

Иран президенті қастандық әрекеттен аман қалды


Иранда бүгін ел президенті Махмуд Ахмадинежадқа шабуыл жасалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, президент автокөлігі көшіне граната лақтырылды. Хабарларға қарағанда, жарылғыш зат журналистер мен президент әкімшілігі қызметкерлері мінген көлікке жақын маңда жарылды. Бірнеше адам жараланды деп хабарланды.

Төтенше оқиғадан кейін Ахмадинежад жергілікті телеарнада тікелей эфирде сөйледі. Иран президенті қастандық әрекет туралы ештеңе айтпады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG