Accessibility links

Карачидегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 58-ге жетті


Пәкістан билігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде Карачи қаласындағы ұлтаралық және саяси қақтығыстардан қаза тапқандар саны 58-ге жетті. Сейсенбі күні түнде қақтығыстардан тағы 13 адам қаза тапқан соң билік қалаға қосымша әскер енгізді.

Қақтығыстар дүйсенбі күні жергілікті депутат Раза Хайдарды мешітте өлтіріп кетуіне байланысты туындады.

Ол Муттахида Куами қозғалысы саяси партиясының мүшесі болды. Бұл партия 1947 жылы британдық Үндістанның бөлінуінен кейін Пәкістанға көшіп келушілердің басын біріктіреді. Партияның басты бәсекелесі – Халықтық ұлттық партия негізінен этникалық пуштундардың мүддесін қорғайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG