Accessibility links

Доку Умаров шешен бүлікшілерін басқара береді


Шешен бүлікшілерінің көсемі Доку Умаров бүгін YouTube порталында жарияланған бейнеүндеуінде қолбасшылықтан кетпейтіндігін мәлімдеді.

Умаров Кавказдағы жағдайды ескере отырып, өзінің басшылықтан кетуі мүмкін емес деп есептейді. Осы аптаның басында Умаров бүлікшілерді басқару тізгінін Асламбек Вадаловқа тапсыратындығы туралы мәлімдеген еді.

Өзін «Кавказ әмірлігінің әмірі» етіп жариялаған Умаров Ресейдегі бірқатар ірі терактілерді өз жауапкершілігіне алды. АҚШ Умаровты халықаралық терроршылар тізіміне енгізді.
XS
SM
MD
LG