Accessibility links

Иран: Ахмадинежадқа қастандық жасалған жоқ


Иран мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары президент Махмуд Ахмадинежадқа қастандық жасалды деген мәліметтерді жоққа шығарды.

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары президент автокөлігі көшіне граната лақтырылды, жарылғыш зат журналистер мен президент әкімшілігі қызметкерлері мінген көлікке жақын маңда жарылды деп хабарлаған еді. Тағы бір дерек көздері жарылыстан бірнеше адам жараланды деп хабарлады.

Мемлекеттік телеарна бұның барлығын жоққа шығара отырып, жарылыс президенттің сапарын қызықты ету мақсатында атылған отшашудан туындаған деп таратты.

Төтенше оқиғадан кейін Ахмадинежад жергілікті телеарнада тікелей эфирде сөйледі. Иран президенті қастандық әрекет туралы ештеңе айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG