Accessibility links

Ресейде оқу жылының басталуы шегерілуі мүмкін


Орман өрттерінің салдарынан туындап отырған күрделі экологиялық жағдайға байланысты Ресей мектептерінде оқу жылының басталуы қыркүйектің 1-інен кейінге ысырылуы мүмкін.

Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенконың хабарлауынша, егер жағдай жақсармайтын болса, ол осыған сәйкес ұсыныс жасайтын болады. Дегенмен ол жағдайдың реттелетіндігіне үмітті.

Қазіргі таңда аптап ыстық пен құрғақшылықтың салдарынан Ресейдің 17 субъектінде табиғи өрт ошақтары тіркеліп отыр. 7 аймақта, оның ішінде Мәскеу облысы да бар, төтенше режім жарияланған.

Соңғы мәліметтер бойынша 48 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Өрт салдарынан 2 мыңдай үй өртеніп, 3,5 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.
XS
SM
MD
LG