Accessibility links

БҰҰ Оңтүстік Суданда өтетін референдумды бақылайды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан ГИ Мун, Оңтүстік Суданда өтетін референдумды бақылайтын үш маманды белгілемек.

БҰҰ-ның бітімгершілік операциясы жөніндегі басшысы Алан ле Руаның сөзінше, келесі жылдың қаңтар айында өтетін референдумға бақылаушы жіберу туралы өтінішті БҰҰ-на Судан президенті Омар аль Башир мен оңтүстіктегілердің жетекшісі Салва Киир жасаған.

2005 жылы Суданның оңтүстігі мен солтүстігі бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат екі миллион адамданың өмірін қиған елде көп жылдар бойы болған соғыстың тоқтауына негіз болды.

Бейбіт келісімнің маңызды шешімінің бірі – 2011 жылдың қаңтар айында мұнайға бай оңтүстік Суданға тәуелсіздік беру жөніндегі референдумның өтуі болып табылады.

Бұдан бұрын ЕуроОдақ, Африкалық одақ пен Картер орталығы референдумға өз бақылаушыларын жіберетіндігін мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG