Accessibility links

«Хьюман Райтс Вотч»: Хеллман-Хаммет гранты Қазақстаннан Алмас Көшербаевқа берілді


«Хьюман Райтс Вотч» адам құқығын қорғау ұйымы өз сайтында, әлемнің 20 еліндегі саяси көзқарасы үшін қуғын көрген 42 қаламгерге Хеллман-Хаммет гранты табыс етілгені туралы ақпарат жариялады. Халықаралық ұйым хабарламасында бұл адамдардың өз елдерінде үкіметтің қырына алынып, қуғын-сүргін көрсе де, өздерінің еркін пікірін батыл қорғағандығы айтылған.

Биыл осы грантқа Қазақстаннан журналист Алмас Көшербаевтың ие болғаны туралы Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған болатын.

«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы ақпаратында бизнесмен әрі депутат Ромин Мадинов журналист Алмас Көшербаев пен оның сыни мақаласын жариялаған газетті сотқа беріп, екеуіне де көп мөлшердегі айыппұл салғызып, басылымды тұншықтырғанын атап көрсеткен. Ромин Мадиновтың пайдасына 30 миллион теңге (шамамамен 20 мың доллар) айыппұл төлеуге шамасы жетпеген оппозициялық «Тасжарған» газеті 2009 жылы біржолата жабылып тынды.

Алмас Көшербаевқа дейін Хеллман-Хаммет гранты белгілі қазақ диссиденті Кәрішал Асановқа берілген еді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG