Accessibility links

Пан Ги Мун ядролық қарудан толық бас тартуға шақырды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Жапонияға сапары аясында, бүгін Нагасаки қаласына барып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атом бомбасы шабуылынан аман қалған алты тұрғынмен кездесті. Пан Ги Мун ядролық қару арсеналдарын толық жоюға шақырды.

Пан Ги Мун ертең Хиросима қаласына барады. 1945 жылы тамыздың 6-сы күні АҚШ атом бомбасын алғаш рет Хиросимаға тастады. БҰҰ-ның Бас хатшысы қалада еске алу жиынына бірінші мәрте қатысқалы отыр. Митингке АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Джон Рус қатысады. Бұған дейін АҚШ елшісі мұндай шараға қатысқан емес.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG