Accessibility links

Наоми Кэмпбелл Гаага трибуналына шақырылды


Супермодель Наоми Кэмпбелл Либерияның бұрынғы президентіне қатысты іс бойынша Гаага трибуналына шақырылды. Чарлз Тэйлорға әскери қылмыстар жасады деген айып тағылған болатын. Тэйлор 2006 жылы наурызда ұсталған еді.

Кэмпбелл 1997 жылы Тэйлордан сыйлық ретінде ірі әшекей гауһар тас алған деген күдік бойынша сот сұрақтарына жауап береді.

Тэйлор Либерияның басшысы болып тұрған кезде көршілес Сьерра-Леон мемлекетіндегі бүлікшілерге қару-жарақ сатып, төлемақы ретінде қымбат тастар, яғни алмас кесектерін алған деп айыпталып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG