Accessibility links

«Гэллап»: Қазақстан тұрғындарының 15 пайызы шетелге кеткісі келеді


«Гэллап» зерттеу қызметінің әлеуметтік сауалнамасына қатысқан қазақстандықтардың 30 пайызы табыс табу үшін шетелге уақытша кеткісі келетіндігін, 15 пайызы Қазақстаннан біржола көшуді қалайтындығын мәлімдеді. Респондентердің алты пайызы шетелдегі туыстарынан қаржы алып тұратындығын белгіледі.

«Гэллап» зерттеуі бұрынғы совет одағына мүше болған 12 мемлекетте жүргізілді. Сауалнамаға қатысушылардың шамамен 30 пайызы өз елінен көшуді қалайтындығын айтты.

Зерттеуге 13 мыңнан астам адам қатысты, әр мемлекеттен мыңнан астам тұрғын пікір білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG