Accessibility links

Отунбаева этникалық өзбектердің құқығы бұзылғандығын мойындады


Қырғызстан президенті Роза Отунбаева республика күштері маусымдағы ұлтаралық қақтығыс барысында этникалық өзбектердің құқығын бұзғандығын мойындады. Бұл туралы ол AFP француз ақпарат агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.

Бұған дейін көптеген құқық қорғаушы ұйымдар және БҰҰ-ның өкілдері Қырғызстан заң өкілдерін айыптаған еді.

Роза Отунбаева республикадағы заң мекемелерінің этникалық өзбектердің құқығын бұзу және қудалауға қатысты нақты жайттарды, атап айтқанда Нариман ауылында милицияның кінәсіз екі өзбекті атып тастағандығын мойындады.

Ресми мәлімет бойынша, қырғыз оңтүстігінде маусым айындағы этникалық қақтығыстарда 350-ден астам адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG