Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция жақтастарына қарсы газ қолданды


Қырғызстанның тәртіп сақшылары оппозиция өкілі Урмат Барктабасовтың жақтаушыларына қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.

Милиция Бішкек қаласындағы наразылық шеруіне келе жатқан жүздеген адамдарды жолдан тоқтатып, оларды күшпен таратты. Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, Ыстықкөл облысының шамамен 600-ге жуық тұрғыны милициядан қашуға мәжбүр болды. Тәртіп сақшылары Барктабасов тығылған болуы мүмкін деген жерлерді қоршауға алды. Бұған дейін сот оны ұстауға рұқсат берген болатын.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі билікті қарулы күшпен басып алуға талпыныс жасалды деп хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG