Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті желтоқсанда өтеді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммиті 1-2 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтта жарияланған мәлімдемесінде хабарланды.

Президенттің айтуынша, «Астанадағы саммит ЕҚЫҰ-ның стратегиялық бағыттары мен даму «жол картасын» анықтауды көздейді».

ЕҚЫҰ-ның саммитін осы жылы Астанада өткізу туралы шешім маусым айында ұйымға мүше мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы бейресми кездесуінде қабылданған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG