Accessibility links

АҚШ "терроризм демеушілерін" атады


АҚШ-тың пікірінше, төрт мемлекет - Иран, Судан, Куба және Сирия "терроризм демеушісі". Бұл мемлекеттер АҚШ Мемлекеттік департаментінің бейсенбі күні жарияланған әлемдегі терроризмнің 2009 жылғы жағдайы туралы баяндамасындағы арнайы тізімге енді.

Құжатта Иранның Ливан, Палестина, Ирак пен Ауғанстандағы террористік ұйымдарға белсенді көмектесетіндігі айтылған.

Дәл өткен жылғыдай "террористер демеушілерінің" тізімінде Солтүстік Корея жоқ.

Баяндамада АҚШ үшін әсіресе Пәкістан, Йемен мен Сомалиде белсенді жұмыс жүргізетін "Әл-Каида" террористік ұйымы аса қауіпті екендігі аталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG