Accessibility links

Хип-хоп жұлдызы Гаити президенттігіне үміткер


Гаити тумасы америкалық музыкант Уайклеф Джин Гаити елінің президенті болуда бағын сынап көрмек. Осы күні ол үміткер ретінде тіркеліп үлгерді.

Әнші зілзаладан зардап шеккен мыңдаған адамдарға өзінің көмектескісі келетіндігін айтып отыр.

Биылғы жылы қаңтардың 12-сі күні болған қуатты жер сілкінісінде кем дегенде 220 мың адам қаза болып, миллиондаған тұрғын баспанасыз қалды.

Гаитиде президенттік сайлау 2010 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG