Accessibility links

Ресей мен АҚШ бірлескен жаттығу бастады


Бүгін Қиыр Шығыста әуе терроризміне қарсы ресей-америка жаттығуы өтеді.

Жаттығу барысында «террористер басып алған ұшақты бір елдің әскери-әуе күштерінің бақылауынан екінші елдің күштеріне табыс ету» сценарийі жүзеге асырылады. Жаттығудың негізгі штаттары Хабаровскі мен Колорадо-Сипрингсте орналасса, қосалқы штабтары Петропавловск-Камчатск пен Аляскадағы Анкориджде орналасқан.

Жаттығуға ресейлік және американдық тараптар жоюшы ұшақтар мен қашықтықтан радиолокациялаушы ұшақтарды жұмылдырып отыр. Жаттығуға қатыстырылатын ұшақтар қауіпсіздік мақсатында зымырандармен жарақталмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG