Accessibility links

Ормуз бұғазында жапон танкерінің жарылу себебі - теракт


Біріккен Араб Әмірлігіндегі мемлекеттік ақпарат агенттіктері үкімет өкіліне сілтеме жасай отырып, Ормуз бұғазында өткен аптада жапон танкеріндегі жарылысты теракт деп хабарлады.

Хабарларға қарағанда, оқиға орнында қолдан жасалған жарылғыш заттың қалдықтары табылды. Тергеу мәліметі бойынша, кіші-гірім резеңке қайық алып жапон танкерінің қасына келіп жарылды.

Бұған дейін «Әл-Қаида» ұйымына қатысы бар топ осы жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алған болатын.
XS
SM
MD
LG