Accessibility links

Кашмирдегі су тасқынынан 110 адам қаза тапты


Үндістандық Кашмир билігі су тасқынынан қаза тапқандар саны едәуір өскендігін хабарлады. Кеше түнде жауған нөсер жаңбырдың арты аймақта су тасқынына ұласып, соның салдарынан кем дегенде 110 адам қаза тапты. Табиғат апатынан зардап шегушілерді құтқару үшін Үндістан әскері көмекке шақырылды.

Табиғат апатынан Кашмир және Жамму штаттарын алып жатқан таулы Ладах аймағындағы Лех қаласы қатты зардап шекті. Ладах аймағының бір бөлігі Қытай және Пәкістанмен шектесіп жатыр. Пәкістандағы су тасқынынан 1 600-ден астам адам қаза тапты, 3 жарым миллион адам зардап шегіп отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG