Accessibility links

Пәкістанда су тасқыны тағы қайталануы мүмкін


Пәкістан билігі елдің оңтүстігіндегі тұрғындарды солтүстік-батыс аймақтардағыдай, жойқын су тасқыны болуы мүмкін деп ескертті.

Толассыз нөсер жаңбырдан Үнді өзенінің деңгейі аз уақытта көтеріліп кетті. Синдх провинциясындағы аудандарды су басып қалу қауіпі күшейді.

Пәкістанның солтүстік-батыс провинцияларындағы су тасқынынан 1 600-ден астам адам қаза тапты, үш жарым миллионға жуық адам зардап шекті. Үндістандық Кашмирді де басып қалды. Аймақта табиғат апатынан кем дегенде 110 адам қаза тапты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG