Accessibility links

Пәкістан көп шығын әкелген су тасқынына қатысты көмек сұрады


Пәкістанда қайтадан қалың жауын жауған соң, су тасқыны қарқын алды. Ел премьер-министрі Юсуф Раза Гилани елде болған су тасқыны адам өмірі мен инфрақұрылымға көп шығын әкелді деп, қайырымдылық ұйымдарына көмек сұрап қайрылды.

Гилани бұл үндеуін жұма күні телеарнадан берілген ұлттық жолдау кезінде айтты. Ол су тасқынынан 15 миллионнан аса адам жапа шекті, аймақтағы жүз мыңдаған үй бұзылды деді.

Үкімет басшысы Гилани өз жолдауында бұл Пәкістан тарихында соңғы 63 жылда орын алған ең жаман табиғат апаты деді. Ресмилер екі аптаға созылған су тасқыны ауылдық жерлерді түгелімен шайып кетіп, 1600 адамның өмірін қиғанын айтты.

БҰҰ-ның ресмилері Синд провинциясындағы жарты миллиондай адам басқа жерге көшірілгенін мәлімдеді. Ресмилер алдағы күндері болуы мүмкін қалың жауын аймаққа азық-түлік тасу мен су тасқынынан зардап шеккендерге шатыр жолдауға қиындық әкелуі мүмкін екендігін ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG