Accessibility links

Хакерлік шабуыл бойынша айыпталған эстондық АҚШ-қа экстрадицияланды


Компьютер жүйесі арқылы қаржы қызметтеріне хакерлік шабуыл жасап, 9 миллион доллар ақша ұрлады деп айыпталған эстониялық азамат АҚШ-қа экстрадияланды.

Құрама Штаттардың Әділет департаменті мәлімдегендей, 26 жастағы Сергей Цуриков жұма күні Атланта қаласына жеткізілді. Сотқа тартылған Цуриков өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Өткен жылы АҚШ-тың қазылар алқасы Эстония, Ресей және Молдовоның сегіз адамын Атланта қаласында орналасқан фирмалардың қаржылық операциясына компьютер жүйесі арқылы кірген деп айыптаған болатын.

АҚШ тергеушілері хабарлағандай, 2008 жылдың қарашасында хакерлік топ 12 сағаттың ішінде 280 қаладағы 2100 банкоматтан 9 миллион доллар ақшаны заңсыз алғаны анықталған. Олар хакерлік операцияларын АҚШ, Ресей, Италия және Жапонияда жүргізген.
XS
SM
MD
LG