Accessibility links

Ауған ресмилері Бадахшанда өлтірілген 10 адамның кімдер екенін анықтауда


Ауғанстаннан хабарланғандай, ресмилер Бадахшанда бейсенбі күні табылған 10 адамның мәйіті кімдердікі екенін анықтауға тырысуда.

Олардың ішінде сегізі шетелдік, екеуі ауған азаматы екені айтылған. Аймақтық полиция басшысы Ақа Нур Кинтоз қаза тапқан шетелдіктер қатарында алты германиялық бар екенін хабарлады. АҚШ елшілігі де олардың ішінде американдық азаматтар да болуы мүмкін деген.

Шабуылдан аман қалған бір ауғандық дәрігерлерден құралған ол топ Бадахшан, Нуристан және Панжшир провицияларын аралап жүрген деді. Оларды осыдан екі аптадай бұрын өлтірген, бірақ бұл аймақ шалғайда жатқандықтан олардың мәйіті енді ғана табылған.

Батыстың ақпарат құралдары бұл шабуылға жауапкершілікті Талибан өкілі алып отырғаны жайлы хабарлап жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG