Accessibility links

Ресей-Грузия қақтығысына 2 жыл толды


Бүгін Ресей мен Грузияның Оңтүстік Осетияға қатысты бес күндік соғысына екі жыл толып отыр. 2008 жылы тамыздың 7-нен 8-не қараған түні Грузия күштері Цхинвали қаласына әскери соққы беріп, грузиялық күштер ол әрекеттерін жікшіл аймақта тәртіп орнату мақсатында жасады деген.

Тамыздың 8-і күні Ресей жасақтарын бұл аймаққа кіргізіп, ресейлік ұшақтар Грузия территориясын нысанаға алған. Осыдан кейін Ресей Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз ел ретінде мойындаған.
XS
SM
MD
LG