Accessibility links

Ахмадинежад өзіне қастандық әрекет болмағанын айтты


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад халықаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, өзіне қастандық шабуылы болғанын жоққа шығарды.

Ахмадинежад сәрсенбі күні Хамедан қаласына сапары кезінде естілген жарылыс жас балалардың ойнап атқылаған отшашуы болды дей келе, кейін оны батыстық баспасөз қол гранатасы жарылды, ондаған адам жараланды, президент қастандық шабуылдан аман қалды деп жазғанына тоқталды.

Ирандық ресми ИРНА ақпарат агенттігі бұл жағдайды бірінші араб, содан кейін батыстық ақпарат құралдары өз мақсаттарына пайдаланып, дұрыс емес ақпарат таратты деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG