Accessibility links

Пәкістандағы жауын құтқару жұмыстарын қиындатып отыр


Су тасқынының орасан зардабын тартып жатқан Пәкістанда тағы жауын жауып, аймақтағы миллиондаған адамды құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Ресми дерекке қарағанда қолайсыз ауа-райы адамдарды құтқару шараларына шыққан көптеген тікұшақ жұмысына қолбайлау болған.

Синд провинциясындағы Инд өзені арнасынан асып бара жатқандықтан аймақта су тасу қаупі күшейіп, ескерту дабылы қағылды. Пәкістан билігінің өтінішімен НАТО күштері бұл өңірдегі халыққа қолдау көрсететінін хабарлады. НАТО жасақтары қайырымыдылқ көмектерін жеткізумен айналысады.

Бұл тұста Ұлыбританияда жүрген Пәкістан президенті Асиф Али Зардари сенбі күні пәкістандықтар су тасқыны апатымен күресіп жатқанда еуропалық елде демалып жүр деген ауыр сынға тап болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG