Accessibility links

Басра қаласындағы жарылыстан 20 адам қаза тапты


Ирақтың екінші үлкен қаласы Басрадағы базарда болған жарылыстардан кемінде 20 кісі қаза болып, бірнешеуі жараланды. Батыс ақпарат құралдарының Ирақ ресмилеріне сілтеме жасап хабарлағандай, жараланғандар қатары 100 шақты, құрбан болғандар саны 40-тан асуы мүмкін.

Сенбі күні әл-Ашар базарында орын алған жарылыстың неден болғаны белгісіз. Кейбір ресмилер бомба қойылған көлік жарылды десе, полиция басшысы жарылғыш заттар бірнеше жерден іске қосылған сияқты деді.

Сенбі күні Ирақта басқа да атыстар мен бомбалық шабуылдар болды. Онда Ирақтың жеті полиция қызметкері мен бейбіт тұрғындар қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG