Accessibility links

Фидель Кастро 4 жылда алғаш рет парламентте сөз сөйледі


Куба революциясының көсемі Фидель Кастро соңғы 4 жылда алғаш рет ел парламентінде сөз сөйледі.

Сенбі, тамыздың 7-сі күні басталған Куба Халық билігі ұлттық ассамблеясының мәжілісінде сөйлеген сөзін 83 жастағы Кастро халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге арнап, Иран төңірегіндегі түйткілге ерекше тоқталды.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін бұқаралық шараларға араласа бастаған команданте, ядролық қарудан адамзатқа төніп тұрған қауіп-қатер туралы ескертуден жалығар емес. Өткен сенбі күні баспасөз бетінде жарияланған кезекті мақаласында Кастро, Куба халқының атынан Барак Обамаға үндеу тастап, оны ядролық соғыстың тұтануына жол бермеуге шақырған.
XS
SM
MD
LG